Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the acf domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/qazaqmektebi.kz/elordamedia.qazaqmektebi.kz/wp-includes/functions.php on line 6131
Алдағы 4 жылда Қазақстан туризмі қай бағытта дамиды | Елорда медиа — ELORDA MEDIA
Elorda media group

Алдағы 4 жылда Қазақстан туризмі қай бағытта дамиды

04.03.2025

Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді, деп жазады Egemen.kz.

 

Бұған дейінгі индексте Қазақстан 66-орынға табан тіреген еді. Салалық министрлік 2025-2029 жылдары осы көрсеткішті 50-ші орынға дейін көтеруді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар алдағы 4 жылда  Щучье-Бурабай, Маңғыстау курорттық өңірі мен Алматы тау кластерін дамытуға айрықша ден қоймақ. 2027 жылға дейін құны 1,1 трлн теңгеден асатын 181 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Осы жобалар шеңберінде туризм саласында еңбек ететін адамдар саны 800 мыңға ұлғайтылмақ.

Еліміздегі ішкі туристер санын 11 миллионға жеткізіп, барлық қонақ үйге eQonaq ақпараттық жүйесін енгізу межесі қойылған.

Туризм индустриясы комитетінің мәліметінше, былтыр Қазақстанға 5,3 млн шетелдік турист келген, олар елімізде орташа есеппен 1500 АҚШ долларын жұмсаған.