Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the acf domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/qazaqmektebi.kz/elordamedia.qazaqmektebi.kz/wp-includes/functions.php on line 6131
«Бәйтерек» холдингінің капиталы 1 трлн теңгеге ұлғайтылады | Елорда медиа — ELORDA MEDIA
Elorda media group

«Бәйтерек» холдингінің капиталы 1 трлн теңгеге ұлғайтылады

04.03.2025

«Бәйтерек» холдингінің капиталын ұлғайту 2025 жылы 8 трлн теңгені құрайтын жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Серік Жұманғарин «Бәйтерек» холдингі қаржыландырудың жаңа құралдарын енгізу тетіктерін қарастыратынын түсіндірді.

Сондай-ақ, еліміздегі 30 мың шағын және орта бизнесті қолдауға 1,7 трлн теңгеге бөлініп, бизнестің кредиттеріне кепілдік беретін 2 қор құрылады. Ұлттық экономика министрі бұл бастама шет мемлекеттерде де тиімді тәжірибе  ретінде енгізілгенін баяндады.

Ал Қазақстандағы инфрақұрылымды жаңғыртуға 1,2 трлн теңге инвестиция бағытталмақ.

«2025 жылы инвестициялардың қосымша көлемі Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында қамтылады. Инвестициялар көлемі 5 жылда 13 трлн теңгеден асады, бұл ретте биыл инфрақұрылымды жаңғыртуға салынған инвестициялар шамамен 1,2 трлн теңгені құрайды», деді Серік Жұманғарин.