Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the acf domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/qazaqmektebi.kz/elordamedia.qazaqmektebi.kz/wp-includes/functions.php on line 6131
Қайтпай сұлтан немесе тарихи тұлғаның беймәлім қырлары | Елорда медиа — ELORDA MEDIA
Elorda media group

Қайтпай сұлтан немесе тарихи тұлғаның беймәлім қырлары

Қасиетті Мәдина қаласындамыз. «Исламның күмбезі» атанған бұл шаһар – миллиондаған мұсылманның бейресми астанасы. Киелі мекенге табанымыз тигеніне сенер-сенбесімізді білмей, ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың қабіріне зиярат етіп, екіұдай сезім құшағында тұрғанбыз. Қатты толқып кеткенімізді сезсе керек, жолбасшымыз Дастан Құрманбаев Пайғамбар мешітінің тарихына арналған музеймен танысып шығуды ұсынды.

Соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған музейдің ішкі келбеті ерекше безендіріліпті. Пайғамбар мешітінің іргетасы қаланған алғашқы күнінен бастап қалыптасу тарихы кезең-кезеңімен сәтті ұсынылған. Мұнда экскурсия араб тілінде жүргізіледі екен. Аудармасын бір мезгілде әлемнің көптеген тіліне тәржімалайтын электронды құрал арқылы тыңдай аласыз. Бізге оның қажеті болмады. Құран тілін жетік меңгерген Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы араб тілінен тікелей аударма жасады.

– Нұреке, мына мінберге жақ­сы­лап зер салыңыз, – деді ол музейдің ортаңғы бөлігіне жет­кенде, – қазақ даласынан шық­қан Қайтпай атты сұл­т­ан жасатып, Пайғамбар меші­тіне сыйға тартқан. Бұрын-соңды Қайт­пай сұлтан туралы естіп пе едіңіз?

Қайтпай сұлтанның есімін бұ­рын-соңды естімеген екенбіз. Таң­данатын да жағдайымыз бар. Өзі қазақ даласынан шыққан сұлтан болса! Анау-мынау емес, Пайғамбар мешітіне арнап мінбер салдырса! Қалайша таңғалмайсыз!

Қош. Сонымен мінбердің та­ри­хына келейік. 1481 жыл Пайғам­бар мешітінен өрт шығып, Алла елшісі­нің қабіріне дейін отқа оранады. Тілсіз жау шарпыған киелі орын жарамсыз күйге түсіп, көп ұза­май қалпына келтіру жұмысы бас­тала­ды. 1483 жылы Мысыр мен Шам­ның (Сирия) билеушісі Әл-Әшраф Қайтпай сұлтан арнайы мінбер жасатып, оны Пайғамбар мешітіне сыйға тартады. Мінбер мешітте 1593 жылға дейін қызмет етіпті. Дәл сол жылы ІІІ Мұрад сұлтан мешітке жаңа мінбер орнатып, Қайтпай сұлтанның мінберін Құба мешітіне көшіреді. Ал Құба мешітінің адамзат баласын тура жолға шақырған ислам діні келгеннен кейінгі салынған ең алғашқы құлшылық ордасы екендігі баршаға белгілі. Құба мешітінің құрылысына Мұхаммед пайғамбарымыздың өзі араласып, қолы тиген. Мінбер 2016 жылы «Мәдина тарихының ажырамас бөлігі және Пайғамбар мешітіне байланысты сирек мұра» ретінде Құба мешітінен Пайғамбар мешітінің тарихына арналған музейге ауыстырылған.