Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the acf domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/qazaqmektebi.kz/elordamedia.qazaqmektebi.kz/wp-includes/functions.php on line 6131
Мемлекет басшысы Памела Харристі қабылдады | Елорда медиа — ELORDA MEDIA
Elorda media group

Мемлекет басшысы Памела Харристі қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Памела Харриске ілтипат білдіріп, жауапты қызметке сайлануымен құттықтады. Сонымен қатар оның тәжірибесі Ұйым қызметіне тың серпін беретініне сенім білдірді.

Президент құқықтық мемлекет құруда заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сот жүйесін реформалаудың шешуші мәнге ие екенін атап өтті.

«Біз «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыруға бағытталған өте маңызды реформаларды қолға алдық. Заң үстемдігі қоғамға дендеп енуге тиіс деп санаймыз. Менің ойымша, бұл еліміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі үшін өте өзекті. Сондықтан Халықаралық қауымдастық Қазақстанмен, еліміздің сот жүйесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек», деді Мемлекет басшысы.

Памела Харрис елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларды жоғары бағалап, ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін жеткізді. IАСА президентінің айтуынша, Сот әкімшілігі мен Жоғарғы соттың функцияларын бөлу әлемдік тәжірибедегі анағұрлым тиімді шешімдердің бірі. Ол Ұйымның Қазақстанмен байланысты нығайтуды көздейтініне тоқталып, ұлттық сот әкімшілігі өкілдерінің Қауымдастық жұмысына белсенді қатысқанын айтты.

Кездесуде сот төрелігі жүйесін реформалаудың негізгі аспектілері қарастырылды. Бұдан бөлек, сот органдары арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейтуге, сот өндірісінде цифрлық шешімдерді және жасанды интеллектіні қолдану перспективасына баса назар аударылды.