Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the acf domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/qazaqmektebi.kz/elordamedia.qazaqmektebi.kz/wp-includes/functions.php on line 6131
Доллар бағамы түсті | Елорда медиа — ELORDA MEDIA
Elorda media group

Доллар бағамы түсті

04.03.2025

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,69 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 499,22 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 519 — 523 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503 теңге, сатып алу құны — 497 теңге. Еуро 524,5 теңгеден сатылып, 517,5 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,49 — 5,70 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 28 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,77 теңге. Еуро — 525,71.